«Оқуға құштар балабақша» ЖОБАСЫ балабақшада бастау алды
Облыстық оқу орталығының жылдық жоспарына сәйкес  мектепке дейінгі білім беру  ұйымдары  тәрбиеленушілерінің  кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру,  коммуникативтік, шығармашылық  дағдыларын қалыптастыру аясында  «Оқуға құштар балабақша» жобасымен 2024 жылдың 30 мамыр күні ZOOM платформасында  Қызылорда қаласындағы «Күнекей» бөбекжай-бақшасының мамандары  іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар жұмысына  аудандар мен Қызылорда қаласынан балабақша меңгерушілер мен әдіскерлері қатысты.
Шараны «Мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің меңгерушісі Ж.Хожбанова ашып, «Оқуға құштар балабақша» жобасының  мақсатымен таныстырып, бағдарламаға  сәйкес жоба  аясында дайындалған әрбір жұмыстың ерекшелігіне тоқталып, қатысушыларды  жұмыс көруге шақырды. 
Бағдарламаға сәйкес,  балабақша меңгерушісі М.Умиралиева «Оқуға құштар балабақша жобасы- біздің бақшада» тақырыбында жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып,  таныстырылым жасады.  
Сонымен қатар  кіші, ортаңғы,  ересектер, мектепалды тобының  тәрбиешілері жұмыстарын ұсынды.
З.Маханбетова - «Оқуға құштар отбасы» тақырыбында ата-аналармен бірлесіп жасалған  BOOKCROSSING бұрышындағы жұмысты  балабақша бүлдіршіндеріне таныстырды.           
Н.Ідірісова- «Ботақан» ортаңғы тобының бүлдіршіндерімен «Әжей бізде қонақта» тақырыбында балабақша кітапханасында әртүрлі ойындарды ойната отырып, кітапты ұқыпты пайдалануға үйретіп,  балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.           
А.Баймұратова «Кітап біздің досымыз» тақырыбында кітап шеберханасында «Ер Төстік» ересектер тобының  бүлдіршіндері мен ата-аналарының  бірлескен жұмысын үш түрлі кітап дайындап балабақша кітапханасының сөресіне ұсынды.
Н.Ахмет-«Жыл басына таласқан хайуанаттар» тақырыбында сиқырлы кітаптағы  ертегі желісін  сахналау арқылы  көрсетті.
Г.Болатбекқызы-«Ойын, ой-өріс және мен» тақырыбында «Жұлдызша» мектепалды тобының бүлдіршіндерімен  интеллектуалдық  сайысын өткізді.
Ф.Штабаева «Ақылды кітап» тақырыбында  «Бәйтерек» мектепалды тобының бүлдіршіндермен ертегі желісі бойынша көрініс койды.     
Вебинарға қатысушы МДҰ мамандары  «Оқуға құштар балабақша» жобасы бойынша ұсынылған әрбір жұмысқа ұсыныс-пікірлерін айтып кері байланыс беріп, жылы лебіздерін  білдірді.   
Шара барысында көрсетілген жұмыстарға  «Мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің меңгерушісі Ж.Хожбанова  жобаны жүзеге асыру аясында МДҰ мамандарында  үлкен енбек пен жауапкершілікті талап ететінің ескертіп әрбір  педагогтың жұмысына жеке-жеке талдау  жүргізіп,  шараға оң бағасын беріп  қорытындылады.