«Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» атты семинарда ,"Әкеге қарап ұл өсер" тақырыбында ересек топтар арасында сайыс өтті. Балалары өз әкелерімен бірігіп бойындағы өнерлерін көрсетті. Онда балалар алдымен өздерін таныстырып, әкелерімен бірігіп жасаған қол өнерлерін де көпке көрсетті. Жасаған заттардың атауларын атап, оның қадір-қасиеттерін, ұлттық құндылығын түсіндірді. Сайыс соңында "Шебер әке мен ізденімпаз бала" номинациясымен Алимовтар отбасы , "Дана әке мен тапқыр бала" наминациясымен Төлешовтар отбасы, "Өнегелі әке өнерлі бала" наминациясымен Мырзабек отбасы, "Өнерлі әке мен өнерпаз бала" наминациясымен Рысдәулетовтар отбасы марапатталды.
https://kunekei-yasli-sad.testim.kz/kz/seminar/298-ltty-ndyly-t-rbieni-ajnar-k-zi.html#sigFreeId8023c921c8






