"Қуаныш" ортаңғы тобының тәрбиешісі Тәжікова Ақнұр "Ұлттық құндылық-тәрбиенің қайнар көзі" атты семинарда "Әжемізге қонаққа барамыз" тақырыбында әжелер мектебінің жұмысын балалармен көрсетті.
Міндеті: Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу. Қошқар мүйіз оюын дәстүрден тыс әдіс арқылы мұқият әсемдеуге дағдыландыру. Балаларға ұлттық жиһаз атауларын айтқыза отырып, ұршықпен таныстыру және жүнді түту арқылы, ұршықпен иіріп, жіп жасау жолын көрсету. Үлкендерге көмек көрсетуге, ересектердің еңбектерін бағалай білуге үйрету.